Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 Қаулысы
(2013.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын және Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 34, 322-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жығы 16 тамыздағы № 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 749 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 390-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1494 қаулысымен бекітілген
Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын
жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер